400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

0
807

Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып, қапшықтағы күріштің, мейіз бен жаңғақтың астына жасырып алып өтуге тырысқан.


400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Өткен тәулікте шекарашылар 400 кг қара уылдырық, декларцияланбаған валюта және тотықұсты шекарадан алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін таңғы 6 сағат шамасында «Жайсан» өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара уылдырық пен бекіре балығын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы - 156 млн теңге.

«Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып, қапшықтағы күріштің, мейіз бен жаңғақтың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады. Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды» делінген хабарламада.

Қорғас шекарашылары өткен тәулікте «Қорғас» ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған екі оқиғаның куәсі болды. 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылы туған әйел адамның екеуі де - Қазақстан азаматтары. Олар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Бейнеу шекарашылары «Мәскеу - Душанбе» бағытындағы № 330 пойызда 4 тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тотықұстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тотықұстар Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды.