42 500 теңге беретін жалған телеграм-боттар көбейді

0
1 306

Өтінім беруге арналған ресми боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді ұсынбайды.


42 500 теңге беретін жалған телеграм-боттар көбейді

Телеграм мессенджерінде "42500" әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың көбейген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауыңызды ресми түрде ескертеді.
Сіздерді 42 500 тг. жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы берулеріңізді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді ұсынбайды.
Ресми боттардың тізімі:
Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz.сайттары арқылы да өтінім бере аласыз.