42500 теңгеге салық салынбайды

0
707

МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді, және оның жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды.


42500 теңгеге салық салынбайды

ERNUR.KZ. Шектеу шаралары уақытында кірістерін толығымен жоғалтқан кәсіпкерлерге мемлекетпен төленуге жататын 42500 теңге әлеуметтік төлемдер салық салынатын кірістер ретінде қарастырылмайды, деп жазады baq.kz.

Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері оңайлатылған декларация және патент құнын есептеу бойынша салықтық есептілігінде көрсетілмейді. Бұндай төлемдер Салық кодексінің 681 бабының 2 тармағымен белгіленген кірістер тізбесінде кәсіпкерлік қызметін атқару нәтижесінде алынған кірістер ретінде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға сияқты, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану кезінде де әлеуметтік төлем қарастырылмайды. Осылайша, әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341 бабының 26) тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салуға жататын кіріс ретінде қарастырылмайды. Сәйкесінше, 42500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілігінде көрсетудің қажеті жоқ, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде төленген әлеуметтік төлем сияқты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетінін ескерту қажет.

Сонымен, МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді, және оның жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды.