42500 теңгені ресми жұмыс істеген зейнеткерлер де ала алады

0
814

Зейнеткер Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасамаған болса да жәрдемақыны ала алады.


42500 теңгені ресми жұмыс істеген зейнеткерлер де ала алады

Өзіне тиісті емес 42 500 теңгені алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"42 500 теңгені қателесіп алған бірде-бір адам жауапқа тартылмайды. Осыған тоқталайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем", - деді министр.

3,96 млн-нан астам қазақстандыққа Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты жалпы 157 млрд теңге сомасынан 42 500 теңге жәрдемақы тағайындалды.

42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауда жеке куәліктің мерзімі өткен жағдайда төлемді бермеу мәселесі қарастырылмайды.

Сондай-ақ, Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми түрде жұмыс істеген зейнеткерлер бұл төлемді алуға құқылы. Тіптен, зейнеткер Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасамаған болса да жәрдемақыны ала алады.