"42500.enbek.kz сайты тұрақты жұмыс істеп тұр" - Жұмағалиев

0
1 415

Сйт жұмысында белгілі бір проблемалар болды. Бірақ бүгінгі таңда ол тұрақты жұмыс істеп тұр.


ERNUR.KZ. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны ресімдеу үшін жасалған сайттың жұмысы туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтініш беру бойынша инфрақұрылымды ұлғайту үшін Enbek.kz сайтын құру және қолдау мақсатында жеке компанияларды тартты. Бұл ретте мамандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді", - дейд министр.

Айта кетейік, 42500.enbek.kz сайтының жұмысына шағымдар көп түскен болатын.

"Осы сайт жұмысында белгілі бір проблемалар болды, бірақ бүгінгі таңда ол тұрақты жұмыс істеп тұр. Тиісті пайдалану лимиті анықталды, себебі ресурстар өлшемсіз емес. Бұл портал өз жұмысын жалғастыра береді және біз оны барынша қолдаймыз", - деді сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев онлайн-брифингте.