463 млн теңге пайда тапқан: Qnet қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды

0
643

Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.


463 млн теңге пайда тапқан: Qnet қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды. Компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

"Qnet" халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді”, – делінген агенттік хабарламасында.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн теңгені құрады.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.