​«5 адам қарап тұр»: Астанада ер адамның әйелді көшеде сабап тастаған видеосы жарияланды (видео)

0
1 460

Құқық қорғаушылар арада 4 минут өткен соң видео кейіпкерін бөлімшеге алып кеткен.


​«5 адам қарап тұр»: Астанада ер адамның әйелді көшеде сабап тастаған видеосы жарияланды (видео)

ERNUR.KZ. Астанадағы көшелердің бірінде әйелді сабап тастаған ер адам iKomek бірыңғай байланыс орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады sn.kz.

Видеода ер адам жанындағы әйелді жұлқылап, капюшонынан тартып, бір ұрып жерге құлатады. Сұлап түскен әйелді әлгі жігіт ұра бастайды.


Кадрда 5 адам оқиғаға куә болса да, араласпай қарап тұр. Полицейлер көпшілікті бұндай жағдайда жәрдемдесуге шақырады.

Құқық қорғаушылар арада 4 минут өткен соң видео кейіпкерін бөлімшеге алып кеткен.

Жыл сайын Қазақстанда 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Ал күніне 10 мыңнан астам әйел зорлық құрбаны болады.