5 шілдеден бастап санитарлық талаптарды бұзғандарға 895 млн айыппұл салынған

0
518

Тәртіп бұзушылық деректері әсіресе, Алматы қаласында көп тіркелген.


5 шілдеден бастап санитарлық талаптарды бұзғандарға 895 млн айыппұл салынған

ERNUR.KZ. Ведомствоаралық комиссия санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғандарға қатысты әкімшілік жазаға тартылғандар жайында ақпарат ұсынып, 5 шілдеден бері полиция қызметкерлері 15 мың 800 хаттама толтырғаны жайында хабарлады, деп жазады 24.kz.

Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 895 млн теңге шамасында.

Тәртіп бұзушылық деректері әсіресе, Алматы қаласында көп тіркелді. Мұнда 3 мың 837 хаттама толтырылған.

Түркістан мен Қостанай облыстарында да санитарлық талаптарға салғырт қарағандар жеткілікті.