" 50 000 теңге": Pfizer вакцинасының бағасына қатысты ақпарат тарады

0
521

​Әлеуметтік желі қолданушылары Pfizer/BioNTech вакцинасының бағасы жайлы хабарламаны жаппай таратуда.


Автордың сөзінше, вакцинаны ерікті түрде алғысы келетін азаматтар 50 000 теңге төлеуі қажет. Алайда емханада бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


вакцина бағасы

Қазақстанда қайта вакциналау тактикасы өзгертілді


Хабарлама авторы бұл туралы Алматыдағы №4 емханадан естігенін айтқан. Бірақ емхана қызметкерлері вакцина бағасының әлі бекітілмегенін мәлімдеді.

"Қазір №4 емханада Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетін азаматтарды алдын ала тіркеу жүріп жатыр. Әзірге бағасы белгісіз. Қалалық емхана қызметкерлеріне вакцина құны жайлы бұйрық келіп түскен жоқ", - деді мекеме қызметкерлері.

Сонымен қатар Pfizer препаратын 12 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тегін ала алатынын қосып өтті.