"50 литрлік бакқа 86 литр құйған": Елорда тұрғыны жанармай бекетіне шағымданды

0
995

"PetroRetail" өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғыны "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі жанармай құю бекеттерінің бірінде болған жағдайға шағымданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосына қарағанда, жанармай құю бекетінде бензин төгіліп қалған. Ер адам оны видеоға түсіріп алған.

"Көріп тұрсаңыздар мұның барлығы бензин. Daewoo Nexia көлігі, бакқа 50 литр сыяды. Маған 86 литр бензин құйған. 36 литр бензин жерге төгіліп қалды. Не деймін, "ҚазМұнайГаз", жарайсыңдар", - дейді видеоның авторы.


"PetroRetail" өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Түнде қатты аяз болды. Ал ер адам таңертең көлігіне жанармай құйды. Бекеттегі пистолет қатты аяз салдарынан жұмыс істемей қалды. Қазіргі таңда бұл жерде бензин сату тоқтатылды. Біз пистолетті ауыстыруға өтініш бердік.
Бұл мәселені кешке шешеміз", - деді компаниядағылар.