"50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажет": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

0
661

50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы ақпарат тарады.


Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға "байланыстырылған" ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз, - делінген хабарламада.