​500 мың теңге алған: Шымкент қаласының тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті

0
1 173

Түркістан облысы Келес ауданында бірнеше адамнан жұмысқа орналастыру үшін ақша алып, ізін суытқан күдікті ұсталды


​500 мың теңге алған: Шымкент қаласының тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында бірнеше адамнан жұмысқа орналастыру үшін ақша алып, ізін суытқан күдікті ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

Келес ауданының полиция қызметкерлері жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерден миллион теңгеден астам ақша жинап алған күдіктіні ұстаған.

"2018 жылдың қазан айында жергілікті тұрғындар полиция бөліміне арыз түсірген. Жәбірленушілер өз таныстарының сеніміне кіріп, әрбірінен 200-500 мың теңге көлемінде ақша алып, жергілікті денсаулық сақтау мекемесіне жұмысқа орналастыруға уәде еткенін айтқан. Күдікті жалпы сомасы миллион теңгеден асатын ақшаны алып, қашып кеткен", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған.

"Күдікті ретінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді баспасөз хатшысы.