55 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз өткізбек болған жүргізушілер ұсталды

0
399

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


55 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз өткізбек болған жүргізушілер ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 55 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз өткізбек болған жүргізушілер ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Көлікті Қырғызстан азаматтары басқарған. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, 2021 жылғы 10 маусымда «Айша бибі» өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД, ҰҚК Шекара қызметінің мамандары Қырғызстанға бензинді заңсыз әкету фактісінің жолын кескен.

«Салмағы 54,6 тонна болатын болатын «ДАФ»» маркалы көлік тоқталды. Ол Қырғызстанда тіркелген. Тауарды жөнелтуші Тараз қаласында тіркелген компания, алушы қырғызстандық жеке кәсіпкер болып саналады. Көлік Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - деп жазылған хабарламада.

МКК орталық кеден зертханасындағы физикалық-химиялық зерттеулер тауардың тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарға сәйкес келмейтінін анықтады. Күдіктілер тауарды жалпы сомасы 7 млн теңге болатын АИ-80 маркалы бензин деп көрсеткен.

«Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.