"7-20-25" бағдарламасы келесі жылы жалғаса ма – Ұлттық банк жауап берді

0
431

​Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат осы жылдың соңында емес, 2023 жылы толығымен игеріледі деген болжам бар.


ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасы жаңа жылдан кейін де жалғасын табуы мүмкін. Ұлттық банк осындай болжам жасады, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық банк бағдарламаның нақты қашан аяқталатыны белгісіз екенін атап өтті. Өйткені жеңілдетілген ипотека 1 трлн теңге мөлшеріндегі ақшалай лимит толығымен игерілгенге дейін беріледі.
"Қаражатты игеру қарқыны халықтың баспанаға сұранысы мен бағдарлама аясында сатылатын жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлеміне байланысты. Қазіргі қарқынды ескере отырып, мақсатты қаражат 2023 жылдың ішінде игерілуі мүмкін деп болжауға болады", - деді Ұлттық банк.
Екінші деңгейлі банктерге "7-20-25" бағдарламасы іске қосылғалы бері 300 мыңнан астам өтінім түскен.
27 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 745,5 млрд теңгеге 56 996 қарыз берілді. Әлі игерілмеген 250 млрд теңгеден астам ақша бар.
Бұған дейін үкімет "7-20-25" бағдарламасы осы жылдың соңында жабылуы мүмкін екенін ескерткен еді. Себебі лимит таусылуға жақын. Осыған байланысты уәкілетті органдар қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін "7-20-25" бағдарламасына балама ипотека ойлап тапты. Ол жаңа үйлерге берілетін ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау деп аталады.