«7-20-25» бағдарламасы: Мұғалім үшін алғашқы жарна азайтылады

0
2 842

Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын төмендету бойынша жұмыстар басталды


«7-20-25» бағдарламасы: Мұғалім үшін алғашқы жарна азайтылады

ERNUR.KZ. "Баспана ипотекалық ұйымы" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасы бойынша білікті мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері үшін алғашқы жарнаның мөлшері төмендетілетінін айтты, деп жазады Bag.kz.

«Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, білікті мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын төмендету бойынша жұмыстар басталды», - деді ол Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен жиында.

Қайрат Алтынбековтың айтуынша, қазіргі таңда аталған мәселеге қатысты Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен меморандумға қол қойылыпты.

Айта кетейік, осыған дейін «7-20-25» бағдарламасына ТҮҚЖБ қатысуы мүмкін екенін, аталған бағдарламаға 2 жылда 15 мың пәтер салынатынын хабарлағанбыз.