76 қазақстандық Украинадан Алматыға ұшып келді

0
653

СІМ ескертуіне қарамастан 27 ақпан мен 23 наурыз аралығында 435 мың қазақстандық шетелге шығып кеткен. Оның жартысы Еуропа мен АҚШ-та өз еркімен жүр.


76 қазақстандық Украинадан Алматыға ұшып келді

ERNUR.KZ. 76 қазақстандық Украинадан Алматыға ұшып келді, деп жазады тengrinews.kz.

Киев-Алматы-Киев рейсі 27 наурызда Қазақстанға ұшып келген.

"Бұл оқиға "қол" режимінде Қазақстанға шығу үшін тұлғалар тізімін қалыптастыру, қолайлы жағдайда чартер рейсті жүзеге асыру үшін авиакомпанияны анықтау, сондай-ақ, бірқатар күрделі логистикалық міндетті шешу бойынша елшілік үлкен жұмыс атқарды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Тбилиси мен Мәскеуден елде қалып қойған 176 қазақстандық елге оралған еді.

Жалпы елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін әлемнің 23 мемлекетінен 1285 қазақстандық елге оралуға шешім қабылдаған.

Айта кетейік, СІМ ескертуіне қарамастан 27 ақпан мен 23 наурыз аралығында 435 мың қазақстандық шетелге шығып кеткен. Оның жартысы Еуропа мен АҚШ-та өз еркімен жүр.