8 ай ішінде шамамен 70 млн тонна көмір өндірілген

0
1 186

Өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға артық көмір өндірілген


8 ай ішінде шамамен 70 млн тонна көмір өндірілген

ERNUR.KZ. Қазақстанда 8 айда шамамен 70 млн тонна көмір өндірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп жазады Baq.kz.

"Қазақстанда 8 айда шамамен 70 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға артық. Коммуналдық - тұрмыстық қажеттіліктерге жəне халыққа 8 айда 6,7 млн тонна көмір тиелді. Бұл өткен жылғы сəйкес кезеңнің 101,5 пайызын құрайды", - деді Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Жылыту маусымына дайындық барысы туралы" брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда көмір саласының мəселелері Инвестициялар жəне даму министрлігіне берілуде.

Сондай-ақ, Бозымбаевтың мəліметінше, Энергетика, Инвестициялар жəне даму министрлерінің бірлескен бұйрығымен 2018-2019 жж. жылу беру маусымын қамтамасыз ету үшін дайындықты бақылау, жылу маусымын өткізу, электр станцияларын, коммуналдық секторды жəне халықты көмірмен қамтамасыз ету үшін штаб құрылды. Штаб құрамына министрліктер мен əкімдіктердің жауапты тұлғалары енді. Бұйрық шеңберінде Энергетика министрлігіне күзгі-қысқы кезеңге дайындалу мен оған өту мониторингін жəне елдің электр станцияларында отынның нормативтік қорын жинақтауды күнделікті негізде қамтамасыз ету бекітілген. Ал Инвестициялар жəне даму министрлігіне апталық негізде көмір өндіретін ұйымдардан көмір өндіру мен тиеу, көмірді коммуналдық-тұрмыстық секторға жəне халыққа тиеп-жөнелту бекітілген. Көмір тиеу вагондарымен қамтамасыз ету де тапсырылған. Осылайша, көмір электр станцияларға, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға жəне халыққа жеткізілмек.