800-ден астам қазақстандық елге оралды

0
642

Түркиядан 536 адам елге келді.


800-ден астам қазақстандық елге оралды
ERNUR.KZ. 800-ден астам қазақстандық елге оралды, деп жазады inbusiness.kz.«22 наурызда елге 803 отандасымыз келді. Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің дипломаттары біздің туристерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға көмек көрсетті. Біздің туристер үшін Scat әуекомпаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия қалаларында уақытша болған (тұрған) азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды», – деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар тап осы күні Түркиядан 536 адам елге келді.

«Сондай-ақ Мажарстан мен Омандағы елшілердің көмегімен Қазақстанның 32 азаматы елге оралған», – деп жазылған хабарламада.