85 елдің ішінен 84-ші орында: Қазақстан рейтинг бойынша туризмі дамымаған елдердің қатарында

0
503

Қазақстандағы келушілердің артуына екі нәрсе әсер етті.


85 елдің ішінен 84-ші орында: Қазақстан рейтинг бойынша туризмі дамымаған елдердің қатарында

ERNUR.KZ. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанға келушілер саны 3,4 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты. Бірақ елге келген адамдар санының өсуі туризммен байланысты емес, деп жазады stan.kz.

Қазақстандағы келушілердің артуына екі нәрсе әсер етті. Біріншісі – коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік шектеулердің жойылуы. Екіншіден, Ресейдегі мобилизацияға байланысты ресейліктердің жаппай келуі.

Сыртқы туризм айтарлықтай басым. Мысалы 2022 жылдың тоғыз айында басқа елдерге 5,6 млн қазақстандық демалуға кетті. Бұл өткен жылы шетелде қыдырғандардан 2,2 есе көп.

Ішкі туризм, яғни Қазақстан ішінде саяхаттау деңгейі артқан, өткен жылмен салыстырғанда 25,1%-ға көп.

U.S.News-тің туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінен 84-ші орында тұр. Туризмі ең нашар ел Иран болса, одан кейінгі кезекте Қазақстан. Еліміз Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей сияқты елдерден ғана емес, Замбиядан, Ливаннан, Мьянмадан да артта қалды.

ҚР туристік имиджін қалыптастыру дамыту үшін бірнеше қадамдар жасауда, бірақ ол нәтижесіз секілді. Мысалы, Қазақстанда мезгіл сайын KITF-тің "Туризм және саяхат" атты халықаралық көрмесі өтеді, ол көбінесе көшпелі туризмді дамытуға ықпал етеді. Көрмеге отандық туроператорлар мен басқа да түрлі елдердің өкілдері келеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша "Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру" санатында ведомствоға 402 млн теңге ұсынылды.

Алайда мұнда орындалу пайызы небәрі 21,3%, ал игерілмеген сома — 316 2 млн теңге.