86 оқушы зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды

0
529

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыты бойынша ғылыми жобаларын қорғады.


86 оқушы зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. Білім сайысында Қазақстанның 86 жүлдегері анықталды, деп жазады zakon.kz.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыты бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

Айта кетері, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді.

"Дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау" ,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.