​9 қабатты үйден құлаған жас келіншек мерт болды (видео)

0
1 551

Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған


​9 қабатты үйден құлаған жас келіншек мерт болды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан жас келіншектің мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.


"Ақтөбеде 26 жастағы келіншекке қатысты шақыру болды. Дәрігерлер сағат 10:19-да оқиға орнына барып, келіншектің өлімін ғана тіркеді. Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласының "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында болды. Бұл оқыс оқиғаны қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған.