Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

0
1 092

Әдебиет пен өнер саласындағы 7 тұлға лауреат атанды.


Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

ERNUR.KZ. Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік сыйлыққа ие болған ақын-жазушылардың тізімі төмендегідей:

  • «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін – мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахманов;
  • «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін – ақын Серік Ақсұңқар;
  • «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін – жазушы Ғарифолла Есім;
  • «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін – әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков;
  • «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін – ақын Бақытжан Қанапиянов;
  • «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін – драматург Роза Мұқанова;
  • «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін – жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтілді.