Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды (видео)

0
546

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.


Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды (видео)

ERNUR.KZ. Абай облысында Алакөл-Семей тас жолында жолаушылар мінген автобус аударылды. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп жазады Stan.kz.

Жол апаты 19 маусымда 04:50-де болған.

"Алакөл-Семей бағытындағы Setra-S маркалы рейстік автобустың 56 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Автобус Семей, Жарма ауданына бара жатқан", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген, ал жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазір құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.