Әблязовті тергеуге алу үшін Астанаға шақырды

0
1 177

Тергеу банкирдің өліміне Әблязовтің қатысы барын дәлелдейтін айғақтар барын алға тартуда


Әблязовті тергеуге алу үшін Астанаға шақырды

фото: nur.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанның Бас прокуратурасы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұхтар Әблязовті тергеуге алу мақсатында Астанаға шақырды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Тергеу банкирдің өліміне Әблязовтің қатысы барын дәлелдейтін айғақтар барын алға тартуда.

Мекеме күдікті Қазақстаннан тыс жерде болғасын, оны тергеуге алу үшін Астанаға шақырып жатқандарын БАҚ арқылы мәлімдеп отыр. Мәлімдеме жасауға француз БАҚ-тары да тартылған. Себебі, Әблязов бүгінде Францияда тұрып жатыр.

Сұраққа алу ағымдағы жылдың 16 тамыз күні сағат күндізгі үште болады. Мекенжайы - Мәңгілік ел даңғылы 14. Тергеуді бас прокурордың көмекшісі Бекжан Ермұханбетұлы жүргізеді.

Бас прокуратура Әблязовтің сотқа адвокатын жіберуге немесе мемлекеттік қорғаушының тағайындалуын сұрауға құқы барын мәлімдеді. Егер күдіктінің адвокаты болмаса, оның орнына тергеу жүргізетін орган адвокат тағайындайды.

Мекеме Әблязовті сотқа келмейтін болса, оның себебін көрсетіп, алдын ала ескертуді міндеттеді.