​«Абу-Даби Плазаның» бас мердігеріне 721 500 теңге айыппұл салынды

0
1 159

Бұл туралы Астана қаласының Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі айтты.


​«Абу-Даби Плазаның» бас мердігеріне 721 500 теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанының бас мердігері – «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы 300 АЕК (721 500 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есіл» ауданы полиция басқармасының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданындағы саяжай массивінің аумағында «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған «КАМАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1989 ж.т. К. есімді азаматты ұстады» делінген хабарламада.

1989 ж.т. К. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу...» бұзғаны үшін 20 АЕК көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу...» бұзғаны үшін 236 құрылыс ұйымы 16 млн. теңгеден астам сомманы құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.