Абзал Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болды

0
462

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.


Абзал Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болды

Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Ол - Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.