Адам өлімімен аяқталған істе шартты үкім шығарған судья қызметінен айырылды

0
691

Судья апатта кінәлі адамға екі жарым жылға шартты мерзімге үкім шығарған.


Адам өлімімен аяқталған істе шартты үкім шығарған судья қызметінен айырылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамға шартты жаза тағайындаған аудандық соттың судьясы қызметінен босатылды, деп жазады Tengrinews.kz.


"ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриі 2020 жылы 1 қазанда Ертіс аудандық сотының судьясы Ермековқа сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судья лауазымынан босату түрінде жаза қолдану арқылы тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.


Бұл шешімде судья құжаттың көшірмесін алғаннан кейін он күн ішінде шағым жаза алатыны атап өтілген. Алайда ол бұл құқықты пайдаланды ма, жоқ па, әлі белгісіз.

"Қазіргі уақытта судья Ермековтың өкілеті тоқтатылды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, биыл шілдеде Айдын Ермеков жол-көлік оқиғасында қаза болған 17 жастағы оқушының ісін қарап, апатта кінәлі адамға екі жарым жылға шартты мерзімге үкім шығарған. Ертіс аудандық сотының өкілдері кінәліге мұндай жазалау шарасын прокурор тағайындауды сұрағанын және жәбірленуші тарап онымен келіскенін атап өтті. Алайда үкімнің жұмсақтығы қоғамдық резонанс тудырған. Облыстық прокуратураның араласуынан кейін өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық іс апелляциялық сотқа жіберілді, ол жаза шарасын нақты мерзімге ауыстырды және кінәліні бес жылға бас бостандығынан айырды.

Сот алқасы істі қарау кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталғаны да хабарланды. Атап айтқанда, процессуалдық келісім жасасу кезінде жәбірленуші тараптан жазбаша келісім алынбаған. Бұл өрескел қателер үкімнің өзгертілуіне негіз болды.