"Адамдар, қараңдар": құлынды көлігімен тасыған астаналық ұсталды (видео)

0
703

Құлынды тасуға кететін ақшаны үнемдеу мақсатында ВАЗ-2110 маркалы көлігінің салонында тасыған.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны құлынды көлігімен тасыған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Көлікте құлынды тасып келе жатқан үш ер адам отыр.

"Адамдар, қараңдар. Астана қаласы. Кез келген қала арасы, үй жануары, ешқандай жылқы тасығышсыз, ГАЗелсіз", - дейді жүргізуші.

Ескерту! Бейәдеп лексика

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тексеріс барысында видео авторы ұсталғанын хабарлады. Ол - Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны.

"Оның айтуынша, құлынды Ақмола облысындағы ауданның бірінен сатып алған. Ол құлынды тасуға кететін ақшаны үнемдеу мақсатында ВАЗ-2110 маркалы көлігінің салонында тасып, Қызылсуат аулына барған. Жүргізушінің сөзінше, видеоны отбасылық чатқа әзілдеп жіберген", - дейді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, материал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жіберілді.