АЭС салу Ресейдің қалауы ғана - Бозымбаев

0
1 578

Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды.


АЭС салу Ресейдің қалауы ғана - Бозымбаев

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп жазады тengrinews.kz.

Бұл туралы ол Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында айтты.

"Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны - ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады", - деді министр сұхбатында.


Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында АЭС құрылысына арналған жердің анықталғаны жайлы хабарланған болатын.

"Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз", - деген еді Сенаттың қулуарында энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.