Ағаш тамырына керосин төккен алматылық кәсіпкер жазаланды

0
893

ЖШС кәсіпкерінен 30 сәуірге дейін 20 дана ағаш отырғызу туралы кепілдік міндеттеме алынған.


Ағаш тамырына керосин төккен алматылық кәсіпкер жазаланды

ERNUR.KZ. Алматыда кәсіпкер жайқалып өсіп тұрған ағаштың тамырына керосин құйып, оған зиян келтірген. Аталған фактіні табиғатты қорғау полициясы да растады, деп жазады Stan.kz.

Ағашқа келтірілген зиян туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиға Алмалы ауданындағы Наурызбай көшесінде болған. Полиция кінәліні анықтады.

"Фирма Алекс" ЖШС жұмыскерлері жасыл желектерді қорғау нормаларын бұзып, ағаш қабығын зақымдағаны, тамырына керосин құйғаны анықталды", - деді Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның сөзінше, ЖШС директорына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"Сонымен қатар, Алмалы аудандық ПБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және жасыл желектерге ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. ЖШС кәсіпкерінен 30 сәуірге дейін 20 дана ағаш отырғызу туралы кепілдік міндеттеме алынды", - деді Есен Ысқақов.

Еске салайық, сенат депуттаттары ағаш кескен үшін айыппұл мөлшері 5 есе ұлғайту көзделген заң жобасын мақұлдаған еді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қайтадан құқық бұзушылық немесе ағаш кесілген жағдайда ірі кәсіпорындарға 1500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Егер келтірілген залал 100 АЕК-тен асса, онда тәртіп бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты айыппұл немесе мүлікті тәркілеу және қоғамдық жұмыстарға тарту, мүлікті тәркілеу мен түзеу жұмыстары қарастырылған.