​Әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік бір жыл ішінде 11% артқан

0
1 616

Жалпы жеке кәсіпкерлер ішіндегі әйелдердің үлесі – 47,2%.


​Әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік бір жыл ішінде 11% артқан

ERNUR.KZ. 2019 жылдың қаңтарында әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік саны 581,2 мыңға дейін жеткен, деп жазады Ranking сілтеме жасаған BAQ.KZ.

Олардың ішінде 485,2 мыңы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,7%-ға артық.


Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылдың басында әйелдердің басқаруымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік 648,1 мыңды құраған. Бұл жалпы тіркелген ШОБ-тың 42,1%-ын құрайды.

Әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің ең үлкен үлесі Қостанай облысында, онда кәсіппен айналысушы әйелдер 46,6%-ды құраған. Екінші орында 46,3%-бен Қарағанды облысы тұр. Сондай-ақ, ШҚО-дағы әйелдердің үлесі – 45,5%.