Әйелдерді еңіретіп тұрып емдейтін жаңа терапия пайда болды (видео)

0
807

​Бірнеше әйелді тұрғызып қойып, шыңғыртып жылататын емдеу әдісінің бұл түрі жұртшылықты шошытты. Жаңа терапияның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.


Әйелдерді еңіретіп тұрып емдейтін жаңа терапия пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Бейнежазбаны жариялаған азамат бұл "Сахду терапиясы" деп аталатынын айтты, деп жазады Экспресс К.

Видеода емделуге келген бірнеше нәзік жанды өксіп, қатты дауыспен жылайды. Олардың бірі "айта алмаймын" деп еңіреп қоя береді. Ал емдеп жүрген азаматша қыз-келіншектерге дауысын одан да қатты шығаруын қалағандай кейіп танытады.

Желі қолданушылары терапияның бұл түріне таңданыс білдірді. "Бұл гипноз сеанстары ғой. Ішіндегі мұңын осылай шығарады", "Проблемалары көп болса, үйлеріне барып жыламай ма? Дауыстары қандай ащы", "Жүре берсең, көре бересің" деп жазды пікір білдірушілер.