Әйелінің ашуынан қорыққан павлодарлық жігіт жұртты дүрліктірді

0
820

​Жоғалып кеткен ауыл тұрғыны үйіне қоңырау шалып, өзін ұрлап кеткенін, мәжбүрлеп ұстап отырғанын хабарлаған соң іздеу жұмысына қосымша күш тартылды.


Әйелінің ашуынан қорыққан павлодарлық жігіт жұртты дүрліктірді

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Павлодар облысында полиция мен еріктілер бірнеше күн бойы із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы ер адамды іздестірді. Кейіннен полиция адам ұрлау бойынша тергеу жүргізген, деп жазады sputnik.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам 16 қараша күні таңертең Ленин ауылындағы үйінен жұмысқа шығып, жоғалып кеткен. Сол кезде іздеу жұмыстары басталған.

Жоғалып кеткен ауыл тұрғыны үйіне қоңырау шалып, өзін ұрлап кеткенін, мәжбүрлеп ұстап отырғанын хабарлаған соң іздеу жұмыстарына қосымша күш қосылды.

Кейінірек ол аман-сау табылды. Анықталғандай, ешкім күштеп ұстамаған.

"Ер адам жедел уәкілдерге 16 қараша жұмысқа бара жатқанда танысының сүйіктісін кездестіріп қалғанын айтты. Артынша екеуі бірге облыс орталығына Хромзауыт ауданындағы досының үйіне барған. Сол уақыттан бері досының үйінде болған", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

19 жастағы ер адамды ешкім күштеп ұстамаған, жігіттің денесінде ұрып-соғу, зорлық-зомбылық іздері жоқ.

"Іздеуде жүргенімді білген кезде әйелім мен анама хабарластым. Жауапкершіліктен қорқып, мені ұрлап кеткені жайлы оқиғаны ойдап таптым", - деді жас жігіт.

Сондай-ақ, ол ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полициясына 190 адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған. Олардың 187-сі табылды.