Әйгілі "Күрең күз" әнінің композиторы Гүлнәр Дәукенова қайтыс болды

0
1 819

Сазгердің көптеген әндері Мәдина Ералиева шығармашылығының бойтұмарына айналды.


Әйгілі

Танымал әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композиторлар одағының мүшесі Гүлнәр Дәукенова өмірден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаралы хабарды Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, режиссер Асхат Маемиров Facebook әлеуметтік парақшасында жеткізді.


"Халық арасына кеңінен танылған "Сағындым сағым жылдар", "Күрең күз", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Мөлдір сезім" секілді көптеген әндердің авторы Гүлнар Даукенова әпкеміздің туындылары да, Өзінің жан дүниесі секілді шынайылыққа, сыршылдыққа, лиризмге толы болатын"- деп жазған ол.

Ширек ғасырдан астам уақыт ұлттық музыкамыздың қара шаңырағы - Құрманғазы оркестрінде еңбек етті.

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста үлкен толғаныстан туған "Жасай бер, Қазақстаным!" күйі - көптеген оркестрлердің репертуарының алтын қорына енді. Елге деген махаббатын әнмен, күймен өрнектеген

Көптеген әндері - марқұм Мәдина Ералиева шығармашылығының бойтұмарына айналды. Халық артистері Н.Нүсіпжанов, Р.Рымбаева, М.Жүнісова және А.Қосанова, Г.Дәуірбаева, М.Түсіпбаева, А.Иманбай, Г.Оразымбетова, А.Керімбекова, Мирас пен Құралай, "Жігіттер" квартеті, "Кешью" топтарының репетуарынан Г.Даукенованың әндері берік орын алды.