Әйгілі ВВС арнасы Шығыс Қазақстанның табиғатын таспаға түсіріп жатыр

0
798

Телеарна Шығыс Қазақстанның туристік әл-ауқатын көрсетуді мақсат еткен.


Әйгілі ВВС арнасы Шығыс Қазақстанның табиғатын таспаға түсіріп жатыр

ERNUR.KZ. Ағылшынның атақты ВВС телеарнасы Шығыс Қазақстанның табиғатын таспаға басып жатыр, деп жазады Алтайньюс.

Түсірілім тобы қазіргі уақытта Халифа Алтай мешіті, Даңқ мемориалы сынды бірнеше кешен мен Ертіс, Үлбі өзендері маңын аралап шықты.

Енді Батыс Алтай қорығы, Катонқарағай ұлттық паркі, Мұзтау, Марқакөл қорығы, Марқакөл, Қиын-Керіш шатқалы сынды табиғаты таңғажайып мекендерге аттанбақ.

Өздерінің айтуынша, видео Шығыс Қазақстанның туристік әл-ауқатын көрсету мақсатында түсіріліп жатыр. Ал түсірлім жұмысы 12 тамызға дейін жалғасады.