Айлина, Жасмина, Медина - өмірге үшем келді

0
1 637

Үшемдер өмірге уақытынан бұрын келген


Айлина, Жасмина, Медина - өмірге үшем келді

ERNUR.KZ. Қызылорданың 33 жастағы тұрғыны өмірге үшем əкелді. Сәбилерге Айлина, Жасмина және Медина есімдері берілді, деп жазады 24.kz.

Анасы айы-күніне жетпей босанса да, бір жарым келіден сәл асып туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Ана мен бала орталығының қызметкерлері бүгін үшемдерді отбасына шығарып салды. Оларды үйінде әпкесі мен ағасы күтіп отыр. Үшемдерге қала басшылығы көңіл бөліп, бүлдіршіндер қоларбасын сыйға тартты.

Жалпы, жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 5 мыңдай сәби дүниеге келді. Оның 16-сы егіз. Медициналық ұйым мамандары тағы үшемге жүкті қала тұрғынын аман-есен босандырып алуға күш салып жатыр. Ал сырбойылық отбасыны қуанышқа бөлеген Айлина, Жасмина мен Медина әрі қарай да дәрігерлер назарында болады.

- Нәрестелер 33 апталығында дүниеге келген. Анасына бөлім дәрігерлері, мейірбикелер мен босандырған акушерлер дүниеге келген нәрестелерге қалай көмек көрсету керек, әрі қарай қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы түсіндіріп айтты, - деді Ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Сапарбаева.