Аймағамбетов оқушылардың мектепке қашан оралатынын айтты

0
1 444

Пандемияға қатысты жағдай жақсарып, өңірлер "сары" және "жасыл" аймаққа өтсе, мектепке баруға рұқсат беріледі.


Аймағамбетов оқушылардың мектепке қашан оралатынын айтты

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды мектепке оралу мәселесі вакцинация мен карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты екенін атап өтті, деп жазады zakon.kz.

"Мұның жауабы белгілі: пандемияға қатысты жағдай жақсарған кезде және ел өңірлері КВИ-дің таралу деңгейі бойынша "сары", содан кейін "жасыл" аймақтарға өткенде. Әдетте, "жасыл" аймақтағы өңірлерде балалардың барлығы дерлік мектептен білім алуға құқылы. Бұл вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулердің орындалуына байланысты. Бұл бәрімізге байланысты", - деді Білім және ғылым министрі ОКҚ-да өткен брифингіде.

Оның айтуынша, егер барлық адам санитарлық дәрігерлердің талаптары мен ұсыныстарын орындайтын болса, балалар мектепке тезірек оралатын болады.