"Айына 200 мың теңге...". Әнші Роза Әлқожа пәтер жалдап тұратынын айтты

0
1 392

Орамал сатып, жеке бизнеспен айналысатын әнші Роза Әлқожа өз табысын шығармашылығын дамытуға жұмсайтынын айтты.


ERNUR.KZ. Пәтери жалдап тұратыны туралы "Ел аузында" бағдарламасына берген сұқбатында мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

"Нұр-Сұлтаннан үй алған жоқпыз. Үй алсақ болатын еді. Бірақ, концертім бар ғой. Ең аз дегенде, 13 миллион кеткен шығар. Алматыдағы кештің нақты бағасын айта алмаймын. Шамамен 22 миллионға жуық қаржы кетті. Бірақ біз Нұр-Сұлтанда екі жарым жыл пәтер жалдап жүрдік. Айына 200 мың теңге төлеген едік", - дейді Роза Әлқожа.

Пәтер жалдаса да, кеш беретін ол кейде күйеуінің шағымданатынын жасырмады. Алайда, мүмкіндік барда қолдан келгенін жасап қалу керек дейді ол.

"Жолдасым "концерт бермесең не болады" дейді. Бірақ мен жас емеспін. Мүмкін 45 жасқа дейін, мүмкін 50-ге дейін. Мен білмеймін ғой, қаншалықты елдің алдында ән салатынымды. Сондықтан жас кезде, дауыс бар кезде, күш-қуат, бетіңнің әрі, мүмкіндігім бар кезде өнерімді насихаттап қалайыншы деймін", - дейді өнер иесі.