Әке тәрбиесіне арналған форум өтті

0
2 079

Өңірде арнайы әкелер одағы құрылған


Әке тәрбиесіне арналған форум өтті

ERNUR.KZ. Ұлттық кодты сақтауда отбасында әкенің ролі айрықша. Сондықтан ерлер жағы баланың тәрбиесі мен біліміне тікелей атсалысулары қажет. Бұл туралы Ақмола облысында өткен аймақтық әкелер форумында айтылды, деп жазады 24.kz.

Аталған іс-шара былтырдан бері өткізіліп келеді. Мақсаты - әкелердің қоғамдағы және отбасындағы рөлін арттыру. Ол үшін өткен жылы өңірде арнайы әкелер одағы құрылды. Ал биылғы форумға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқау болды. Осы тақырыпта түрлі семинар-тренингтер өткізіліп, отбасылық қарым-қатынастарды күшейту жолы айтылды.

Ахат Қапезов, форум қатысушысы: - Бұл жерде тек балаға ата-бабасын, шежіресін айтып қана қою жеткіліксіз. Балаға жан-жақты тәрбие керек екен. Ұл-қызымыздың ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетініне мүлдем мән бермей жүр екенбіз. Сондықтан мұндай форумдардың берері көп.

Ақан Мергембай, отбасылық кеңесші, психолог: - Жалпы әкенің ролі өте зор. Және баланың тәрбиесінде, баланың дамуында өзін үйдің сыртында немесе тәрбиеден тыс қарастырмау керек. Ол тек қана материалды қамтамасыз етем, киімін алып берем, тамағын алып беремін. Сонымен менің міндетім аяқталады деген қате ұғым. Әке не істеу керек дегенде біздің қазіргі айтып жатқан нәрселеріміздің негізгі мәселесі баламен сөйлесе алу, баламенен диалог құру, баламен сырласу, балаға өз әңгімеңізді айту, оның әңгімесін айту.