Әкімдерге атаулы көмекке жүгінушілердің санын қысқарту тапсырылды

0
2 554

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы қабылданғаннан кейін 78 млрд теңге төлем жасалған.


Әкімдерге атаулы көмекке жүгінушілердің санын қысқарту тапсырылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік келісімшарттарға отыру керек және атаулы көмек алатындардың санын қысқарту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының басты тапсырмасы – жұмыспен қамту. Осыған байланысты өңірлерге өтініш, осы топқа жататын адамдардың еңбекке жарамдысымен әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмысқа тұрғызу керек. Соның нәтижесінде атаулы көмекке зәрулердің қатарын азайта аламыз", - деді ол.

Оның айтуынша, атаулы көмек алушылардың санын қысқарту үшін оның көбісін жұмыспен қамту керек.

Өңір басшылары, тапсырма беріңдер. Міне, біз мына арада өңірдің барлығына өз сараптама мен бағалауларымызды жолдап қойдық. Қай бағытта қалай жұмыс істеу керектігіне дейін, - деді министр.

Ол 1 сәуірде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматты қабылдағанын баса айтты.

"Бүгінгі таңда ол бойынша 78 млрд теңге төленді. Санға шағып жіберсек, бұл бір адамға 105 теңгеден келеді деген сөз" - деді Сапарбаев.