Әкімдік 11 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетілетіні туралы хабарламаны жоққа шығарды

0
804

Жарияланған құжатта 11 мамырдан бастап азық-түлік базарларының, мәдениет және спорт нысандарының қызметін бастайтыны айтылған.


Әкімдік 11 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетілетіні туралы хабарламаны жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері Желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді. Жарияланға хабарламада карантин шараларының кезең-кезеңмен жеңілдетіні айтылады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Желіде 11 мамыр мен 15 маусым аралығында кейбір қызметтердің кезең-кезеңмен жұмысқа оралатыны туралы хабарламалар тарап жатыр. Тағы да айтамын, расталмаған мәліметтерге сенбеңіздер. Барлық ресми мәлімет атқарушы органдардың, сондай-ақ, премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Жарияланған құжатта 11 мамырдан бастап азық-түлік базарларының, мәдениет және спорт нысандарының қызметін бастайтыны айтылған, ал 25 мамырдан бастап балабақшалар, бизнес-орталықтар мен кеңселердің ашылатыны айтылады.