Ақмола облысы тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болды – оқиға орнында түсірілген видео

0
1 122

Құтқарушылар өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды райынан қайтарды


Ақмола облысы тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болды – оқиға орнында түсірілген видео

ERNUR.KZ. Ақмола облысының құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп жазады sputniknews.kz.

Көпқабатты үйдің ең жоғарғы қабатында балконның шарбағынан ұстап тұрған ер адамның видеосын ведомствоның баспасөз қызметі таратқан.

"Щучинск қаласында ер адам көпқабатты тұрғын үйден секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды", - делінген хабарламада.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі жарты сағат бойы ер адаммен телефон арқылы сөйлесіп, психологиялық көмек берген. Ақыры соңында өмірден түңілген тұрғынды райынан қайтарыпты.