Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды: полиция іс қозғады

0
1 049

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды.


Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды: полиция іс қозғады

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды.

«Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, он жасар ұл бала Целиноград ауданының Талапкер ауылында арнайы дайындық орталығында жаттығу кезінде көз жұмған. Қазіргі кезде бала өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда ағылшын пәнінен үш алып қалған студент қыздың өзіне қол жұмсағанын жазған едік.