Ақмола облысында 12 адам арақтан уланып өлді

0
920

Этанолдың уытты әсері диагнозымен ауруханаға ес-түссіз күйде 18 адам жеткізілген.


Ақмола облысында 12 адам арақтан уланып өлді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында арақтан уланып қайтыс болғандар саны 12-ге жетті.Тағы жетеуі Жақсы аудандық ауруханаларында ем алып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Этанолдың уытты әсері диагнозымен ауруханаға ес-түссіз күйде 18 адам жеткізілген. Дәрігерлер 12 адамды құтқара алмады. Олардың барлығы сапасы күмәнді спирт ішкен. Бес литрлік пластик құтыға құйылған алкоголь өнімін сатып алып пайдаланғаны кешікпей белгілі болды. Қайтыс болғандар негізінен Жаңақима ауылынан. Осы оқиға орын алғаннан кейін, полиция Атбасар қаласында құймалы спирттік ішімдіктер шығаратын жасырын цехты анықтады. Күдіктілер ондағы өнімнің басым бөлігін сатып үлгерген. Этанол құйылған ішімдікті көрші Қостанай облысының Арқалық қаласына да жеткен. Онда соңғы үш күнде 13 адам бақилық болды.


- Жақсы ауданында терапия бөлімшесінде 7 науқас жатыр. Олардың барлығы суррогатты арақтан уланған. Алтауының жағдайы орташаға жақын, біреуінің халі ауырлау, - дейді Жақсы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғосман Ахметбеков.