Ақмола облысында 99 жастағы қария коронавирус жұқтырған

0
1 819

2 сәуірде коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы науқаспен байланысқан


Ақмола облысында 99 жастағы қария коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 99 жастағы қария коронавирус жұқтырған, деп жазады Tengrinews.kz.

"13 адамнан COVID-19 анықталды. Барлық науқас - арнайы әлеуметтік төлем алушылар. Жұқтырғандардың ішінде 99 жастағы қария бар.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық науқас ауруханаға жатқызылды және олардың барлығы 2 сәуірде коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы науқаспен байланысқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 759-ға жетті.