Ақмола облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқан

0
803

Оқ тиген инспекторлардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы - ауырлықтың орташа деңгейінде.


Ақмола облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқан

ERNUR.KZ. "Охотзоопром" инспекторлары ақбөкендерді атқан браконьерлерді қуып, салдарынан жарақаттанды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген.

Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды.

"Қашу барысында "Нива" көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы - ауырлықтың орташа деңгейінде", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта инспекторларды Державинкс қалалық ауруханасына алып бара жатыр, сол жаққа санавиация шақырылған. Ақмола облысы Жарқайың ауданының ішкі істер органдары күдіктілерді іздеп жатыр, ұстау жоспары құрылған.