Ақмола облысында эстафета кезінде мектеп оқушысы көз жұмды

0
1 319

Қайтыс болған жасөспірім 2003 жылғы болған.


Ақмола облысында эстафета кезінде мектеп оқушысы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында әскери-спорттық ойындар бойынша жарыс кезінде 15 жастағы оқушы көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 17 мамыр күні сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасын өткізу кезінде болған.

«Эстафета кезінде Көкшетау қалалық №4 орта мектебінің 9-сынып оқушысы мәреге жетпей есінен танып құлады. 2003 жылғы жасөспірімге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін Щучинск қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол ауруханада ес жимастан сағат 13:01-де қайтыс болды», - деді өңірдің Білім басқармасынан.

Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты Көкшетау қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, құқыққорғау органдары тарапынан да тергеу шаралары қолға алынды.