Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды

0
524

Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастал


Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.