Ақмола облысында әйелдерге денесін жарнамалаған жігіттің үстінен іс қозғалды

0
504

Жас жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырғаны белгілі болды.


Ақмола облысында әйелдерге денесін жарнамалаған жігіттің үстінен іс қозғалды

ERNUR.KZ. Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 311-бабы "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша сотқа дейінгі іс басталды, деп жазады zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратып және жарнамай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған облыс орталығының тұрғынын анықтады.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Жас жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, ер адамның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.