Ақмола облысында «Қансонар» бүркітшілер сайысы өтіп жатыр

0
2 420

Ұлттық спорт іс-шарасы биыл аймақта осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр.


Ақмола облысында «Қансонар» бүркітшілер сайысы өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Бурабай баурайында бүгін дәстүрлі «Қансонар» бүркітшілер сайысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық спорт іс-шарасы биыл аймақта осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Аталған байрақты бәсеке бірнеше жылдан бері курортты аймақта халықаралық деңгейде өткізіліп келеді. Сондықтан, оған еліміздің құсбегілерінен бөлек, шетелден де спортшылар қатысады.

Биылғы байрақты бәсекеге көрші Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінен қыран құс баптап жүрген қандастарымыз келіп отыр. Ал жалпы қатысушылардың саны 40 шақты. Жарыстың мақсаты да айқын. Ол қазақтың осы бір төл өнерін, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Жалпы, биылғы бәсеке Тәуелсіздік күніне орай және ақмолалық атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлын еске алу құрметіне орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Ал оның Бурабай баурайында өткізілуінің өзіндік себебі бар. Ондағы мақсат – курортты өлкенің туристік әлеуетін одан әрі арттырып, келушілердің қатарын көбейту. Жарыстың қорытындысы бойынша халықаралық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы «Нива» көлігін қанжығасына байлайды. Ал жүлделі орындар ақшалай марапатталады. Мәселен, 500 мың, 300 мың теңге. Айта кетейік, турнир екі күнге жалғасады, - дейді сайыстың төрешісі Марат Қойшин.